Президент сайлауы: қазақстандықтардың 69 пайызы дауыс берді

Президент сайлауы: қазақстандықтардың 69 пайызы дауыс берді

Президент сайлауы: қазақстандықтардың 69 пайызы дауыс берді
ашық дереккөзі
Президент сайлауында 8 млн 282 мыңнан астам адам дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты. Мұхтар Ерманның дерегінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 20:00-дегі өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:  width=
«Жалпы, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша, республиканың 8 282 607 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 69,31 пайызын құрайды. Дауыс беру учаскелеріне сайлаушылардың келуі туралы келесі ақпарат сағат 22:05-те беріледі», – деді ОСК хатшысы.
Бүгін елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді. Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 68 учаскенің бірнешеуі қазіргі уақытта жұмысын аяқтады. АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласындағы учаске Астана уақытымен 21:00-де ашылады.