Илон Маск Трамптың Twitter аккаунтын қалпына келтірді
Илон Маск Трамптың Twitter аккаунтын қалпына келтірді
Twitter иесі Илон Маск әлеуметтік желіде сауалнама жүргізгеннен кейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың аккаунтын қалпына келтіретіні туралы шешім қабылдады деп жазды turkystan.kz.
Осыдан кейін бірден Трамптың әлеуметтік желідегі профилі қайтадан белсенді күйге ауысты.
Маск 18 қарашада Twitter-де сауалнама жүргізген еді. Оған қатысушылардың 52 пайызы Трамптың аккаунтын қалпына келтіруге дауыс берді.