Жаңалықтар

Шетелде жүрген спортшыларымыз бүгінгі сайлауда дауыс берді

ашық дереккөзі

Шетелде жүрген спортшыларымыз бүгінгі сайлауда дауыс берді

Әлемнің әр түкпірінде жүрсе де, түрлі спорттан ел намысын қорғап жатқан қазақстандық Ұлттық құрама командалардың мүшелері бүгінгі ҚР президенттігіне сайлаудан тыс қалмай, дауыс беруге қатысты деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасы Абу-Дабиде дауыс берген. «Мажарстандағы 2022-2023 маусымына Еуропа әйелдер хоккей лигасына қатысуға келген алматылық «Айсұлу» клубы Будапешт қаласындағы №243 сайлау учаскесінде дауыс берді», - делінген хабарламада.