Саясаттанушы: сайлауда байқаушылардың да қатары артып келеді

Саясаттанушы: сайлауда байқаушылардың да қатары артып келеді

Саясаттанушы: сайлауда байқаушылардың да қатары артып келеді
ашық дереккөзі
Саясаттанушы Қазбек Майгелдинов ҚР Президентін кезектен тыс сайлауға қатысушылардың белсенділігі артқанын айтты деп хабарлады turkystan.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін еліміз бойынша кезектен тыс Президент сайлауы өтіп жатыр. Таңертеңнен бері БАҚ арқылы және өзіміз де сайлау учаскесіне барғанда халықтың белсенділігі жоғары екеніне куәміз. Бұл елдегі азаматтық сананың және саяси мәдениеттің жоғарылап келе жатқанын көрсетеді. Мұны соңғы 3 жылда жасалған саяси реформалардың қандай да бір көрсеткіші деп қабылдауға болады. Оның үстіне, сайлауда байқаушылардың да қатары артып келеді. Себебі, байқаушылар институтының елімізде кең құлаш жаюы белсенді азаматтардың елдің саяси өміріне қатысуына деген ынтасы артқанын байқатады. Жалпы, алдағы уақытта еліміздің демократияландыру жолындағы бірден-бір көрсеткіші азаматтық сананың артуын атауға болады. Елімізде кезектен тыс Президент сайлауы, бұған дейінгі жалпыұлттық референдум, алдағы уақытта Парламент сайлауының өтуі сынды электоралдық цикл - саяси реформалардың іс жүзінде жүзеге асуының үлесі. Еліміздегі саяси үрдістің қарқынды дамуына үлесін қосады. Елдің әр азаматы өзінің конституциялық құқығын қолдануы арқылы, елдің саяси өміріне сайлау арқылы қатысуы алдағы уақытта елдегі саяси бастамалардың тыңғылықты жүзеге асуына өз үлесін қосады, – деді Қазбек Майгелдинов.