Жаңалықтар

Қоғам демократия керек десе, сайлауға барып, өз дегеніне жетуі керек – Самат Нұртаза

ашық дереккөзі

Қоғам демократия керек десе, сайлауға барып, өз дегеніне жетуі керек – Самат Нұртаза

Саясаттанушы Самат Нұртаза қоғам демократияны қаласа, сайлауға баруы керектігін сөз етті деп жазды turkystan.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. «Азаматтар белсенділік танытып жатыр. Оған жасалған реформалар мен Қаңтар оқиғасы себеп болып отыр. Себебі Қаңтар оқиғасы қоғамымызға сабақ болды. Оқиға кезінде біз егемендігіміз бен тәуелсіздігімізден айырылып қала жаздадық. Орта буын өзінің жауапкершілігін сезініп, сайлауға белсенді қатысып жатыр. Тіпті, кезекке тұрып жатқандар бар. Негізі, қоғам сайлауға қатысуы керек. Кезінде бір философ «Интеллигенция мен тобырдан құрылған ұлт болмайды, орта тап болмаса, ол ұлт алысқа бармайды» деген. Сондықтан бізге орта тап керек. Буржуазия дейміз бе, кәсіпкерлік дейміз бе, қысқасы, оқыған-тоқыған, көзі ашық, көкірегі ояу буын қажет. Олардың өкілдері билікке барып, министр, әкім болады. Арасында осындай белсенділіктің арқасында болашақта 2-3-ші Президенттерді де көріп қалармыз», – деді ол. Самат Нұртазаның айтуынша, сайлау отбасымен баратын мейрамға айналуы керек. «Әр азамат өз дауысының маңызды екенін түсінуі керек. Әр азамат өзінің болашағы, баласы мен жақындарының болашағы үшін дауыс беріп жатырмын деп сенуі керек. Мәселен, Швейцарияда немесе Канада, Норвегияда адам дауыс бермесе, оған айыппұл салынады. Себебі «өз дауысыңызға немқұрайлы қарадыңыз» деп есептеледі. Жол жүру ережесін бұзған сияқты, үйіне айыппұл келеді. Адамдар демократияны қалап, демократия, сөз бостандығы керек десе, сайлауға барып, өз дегеніне жетуі керек», – дейді саясаттанушы.