Жаңалықтар

Исламбек Салжанов: Қазақстанның бюджетіне қомақты салық төлейтін – кәсіпкерлер

ашық дереккөзі

Исламбек Салжанов: Қазақстанның бюджетіне қомақты салық төлейтін – кәсіпкерлер

Онлайн өтіп жатқан телемарафонда кәсіпкер Исламбек Салжанов бизнестің барлық секторын өңірлерде дамыту керек екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Қарапайым халыққа ең бірінші жұмыс керек. Жұмысты беретін – кәсіпкерлер. Шетелден жаңа технологиялар мен инвестиция тартатын – кәсіпкерлер. Қазақстанның бюджетіне қомақты салық төлейтін де – кәсіпкерлер. Әр саладағы кәсіпкерлікті мықты дамытсақ, мол мүмкіндік. Өкінішке қарай, 30 жылда барлық кәсіпкерлерге тең мүмкіндік жасалған жоқ. Монополия болды. Соны тамырымен жою керек. Әділ сот болуы керек. Өңірлерде жаппай кәсіпкерлікті дамытса, мемлекет те мықты болады. Әлеуметтік мәселелерді де шешуге мүмкіндік әрі қаражат болады», - деді ол.