Сенбі, 28 Қаңтар, 2023

Түркістанда сайлау күні 90 сәби дүниеге келді

Бүгін, сайлау күнінің жартысында Түркістан облысының перзентханаларында 90 сәби дүниеге келді, оның ішінде екі жұп егіз балалар бар деп хабарлады turkystan.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сайлау күні Түркістан облысында 90 бала дүниеге келді. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың 46-сы – ұл, 44-і – қыз, оның ішінде екі жұп егіз бала бар. Егіздердің бір жұбы Қазығұрт ауданында, тағы бір жұбы Түлкібас ауданында дүниеге келді» , – делінген хабарламада.

Дәрігерлер аналар мен сәбилердің жағдайы жақсы екенін атап өтті.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button