Алматы облысында 111 жастағы кейуана дауыс берді

Алматы облысында 111 жастағы кейуана дауыс берді

Алматы облысында 111 жастағы кейуана дауыс берді
ашық дереккөзі
Алматы облысында ұзақ жасаған аналар саяси науқанда өз таңдауларын жасап, дауыс берді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Олар — 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева мен 103 жастағы Мұқсына Қалдыбаева. Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әже тылда еңбек еткен. 15 немере, 12 шөбере, 5 немене сүйіп отырған кейуана әр қазақстандық саяси науқанда өз таңдауын жасауы керек дейді.
«Балаларымның болашағы үшін дауысымды беріп отырмын. Елімнің өркендеуін, халқымның амандығын тілеймін»,- деді 111 жастағы кейуана Нұржамал Мергенбаева.