Сағат 14.00-дегі жағдай: қанша адам дауыс берді?

20 қараша, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Сағат 14.00-дегі жағдай: қанша адам дауыс берді? Республика азаматтарының 51,16 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай: Оның дерегінше, жалпы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 113 621 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілен азаматтардың 51,16 пайызын құрайды.
«Жалпы алғанда, еліміз бойынша сайлаушылардың белсенді дауыс беруі байқалады. Бұл ретте Түркістан, Абай, Ұлытау және Қызылорда облыстарында сайлаушылардың келу көрсеткіші ең жоғары», - деді Сәбила Мұстафина.
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 16.05, 18.05 және 20.05-те берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ҚР ОСК сағат 22.05-те ұсынады.