«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы сайлауда дауыс берді

20 қараша, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы сайлауда дауыс берді «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беруге қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Ол елордадағы №130 сайлау учаскесінде дауыс берді. «Бүгін - әр тұрғын өзінің сайлау құқығын пайдаланып, ел болашағы үшін таңдау жасайтын Тәуелсіз Қазақстанның саяси өміріндегі тарихи күн. Еліміздің алдағы 7 жылдағы даму бағыты айқындалар тұста барша қазақстандықтарды азаматтық белсенділік танытып, сайлауға бір кісідей қатысуға шақырамын!» - деді Асхат Оралов.