Асанәлі Әшімов Президент сайлауында өз таңдауын жасады

Асанәлі Әшімов Президент сайлауында өз таңдауын жасады

Асанәлі Әшімов Президент сайлауында өз таңдауын жасады
ашық дереккөзі
Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов «Самал» шағынауданында орналасқан №382 сайлау учаскесіне барып, Президент болуға лайықты санаған үміткерін таңдады деп хабарлады turkystan.kz.
«Халықтың әл-ауқаты, көңіл-күйі түзелмей, береке болмайды. Көңіл-күй жақсы болған кезде ғана жұмыста береке болады. Бұл — бір. Екіншіден, ғылым, білім, мәдениетті дамыту керек. Ұлылардың айтуынша, мәдениетсіз, әдебиетсіз ел – ел емес деген. Сондықтан мен таңдаған кандидат осыған көп көңіл бөледі деп мен сенемін. Келешек үшін адал қызмет істейді деп ойлаймын», - деді Асанәлі Әшімов.
Еске салсақ, Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс бере алады. Ал тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде.