ОСК дауыс бергендер туралы алғашқы мәліметті жариялады

ОСК дауыс бергендер туралы алғашқы мәліметті жариялады

ОСК дауыс бергендер туралы алғашқы мәліметті жариялады
ашық дереккөзі
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 20 қараша сағат 10.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 23,37 % бюллетень алды. Бұл туралы turkystan.kz Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Оның ішінде: Абай облысы бойынша – 25,64 % Ақмола облысы бойынша – 21,21 % Ақтөбе облысы бойынша – 26,66 % Алматы облысы бойынша – 20,12 % Атырау облысы бойынша – 25,03 % Батыс Қазақстан облысы бойынша – 20,86 % Жамбыл облысы бойынша – 23,27 % Жетісу облысы бойынша – 25,58 % Қарағанды облысы бойынша – 32,27 % Қостанай облысы бойынша – 26,97 % Қызылорда облысы бойынша – 29,41 % Маңғыстау облысы бойынша – 25,20 % Павлодар облысы бойынша – 27,90 % Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 27,33 % Түркістан облысы бойынша – 27,03 % Ұлытау облысы бойынша 27,81 % Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 23,17 % Астана қаласы бойынша – 13,73 % Шымкент қаласы бойынша – 30,92 % Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.05-те, 14.05-те, 16.05-те, 18.05-те және 20.05-те берілетін болады. Ал азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.05-те беріледі. Айта кетсек, республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар. 86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды. Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақыты бойынша сағат 8.00-де дауыс беруге кірісті. Тізімге енгізілген азаматтардың саны: 11 млн 950 мың 485.