Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова сайлауда дауыс берді
ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова елордадағы дауыс беру учаскесіне келді деп хабарлады turkystan.kz.
Кандидат дауыс беруге сағат 10:30-да Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 107 сайлау учаскесіне өзінің сайлау штабының қызметкерлерімен келді.
Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова ҚР президенті сайлауына кандидат ретінде «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған еді.