Жаңалықтар

Ауыл әкімдері есеп беруді бастады

ашық дереккөзі

Ауыл әкімдері есеп беруді бастады

Бүгін ауыл басшылары ел алдында есеп беруді бастады. Жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдер 7 жарым мың кездесу өткізеді. Ал қаңтардың 23-і мен ақпанның 15-і аралығында аудан мен қала әкімдері атқарған жұмыстарын ел алдында баяндайды. Артынша 16-сы мен 28 ақпан аралығында облыс басшылары мен Астана, Алматы шаһарларының әкімі есеп береді. Тағы бір жаңалық. Енді облыс орталықтары мен ірі қала басшыларының есебі онлайн режимде көрсетілетін болады. Осылайша, биыл есеп беру кездесулерінің ауқымы едәуір кеңейді. Сонымен қатар, Call-орталықтар жұмыс істейді. Кез келген тұрғын көкейкесті сұрағын онлайн қоюына мүмкіндік бар. Бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмайды. Құмар Ақсақалов, ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары: - Егер 2013 жылы ең көп сұрақ – жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту бойынша қойылса, қазіргі кезде Елбасының бағдарламалары арқасында жұмыс орындарының жаппай қысқартылуына жол берілмейді, сондай-ақ соңғы 4 жыл ішінде жалпы 600 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бүгінгі таңда өткен жылдың қорытындылары бойынша талдау көрсеткендей, халықты толғандыратын негізгі мәселелер мыналар болып табылады: тұрғын үй беру, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, жұмысқа орналастыру, аумақтарды абаттандыру, жол салу және жөндеу.