Жаңалықтар

Әскери институттың жеке құрамы Президент сайлауында дауыс берді

ашық дереккөзі

Әскери институттың жеке құрамы Президент сайлауында дауыс берді

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты жанынан ашылған сайлау учаскесінде 400-ден астам курсант дауыс беру үшін тіркелген. Оның ішінде 34 курсант алғаш рет сайлауға қатысып отыр деп хабарлады turkystan.kz. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз құқығымды пайдалана отырып, алғаш рет ел Президентін сайлауға қатыстым. Өз дауысымды бере отырып, елімнің өркендеуі мен болашағының жарқын болуына үлесімді қостым деп ойлаймын, - деп атап өтті 1 курс курсанты Димаш Сұлтаналиев.