Әскери институттың жеке құрамы Президент сайлауында дауыс берді

Әскери институттың жеке құрамы Президент сайлауында дауыс берді

Әскери институттың жеке құрамы Президент сайлауында дауыс берді
ашық дереккөзі
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты жанынан ашылған сайлау учаскесінде 400-ден астам курсант дауыс беру үшін тіркелген. Оның ішінде 34 курсант алғаш рет сайлауға қатысып отыр деп хабарлады turkystan.kz.
Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз құқығымды пайдалана отырып, алғаш рет ел Президентін сайлауға қатыстым. Өз дауысымды бере отырып, елімнің өркендеуі мен болашағының жарқын болуына үлесімді қостым деп ойлаймын, - деп атап өтті 1 курс курсанты Димаш Сұлтаналиев.
 width= Оқытушылар құрамы мен олардың отбасы мүшелері тұрғылықты мекенжайы бойынша сайлауға қатысады.
Сайлау бекітілген заңнамаға сәйкес өтіп жатыр. Институттың жеке құрамы белсенділік танытып жатыр, - деп атап өтті әскери институт бастығы полковник Кайрат Даутов.
Жалпы еліміз бойынша барлық сайлау учаскелерінде 130 мыңнан астам әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері және курсанттар дауыс бермек.  width=