Дәрігерлер аяғы жансызданған адамды ерекше ота арқылы аман алып қалды

Дәрігерлер аяғы жансызданған адамды ерекше ота арқылы аман алып қалды

Дәрігерлер аяғы жансызданған адамды ерекше ота арқылы аман алып қалды
ашық дереккөзі
Жүк көлігінен құлап, аяғы жансызданып қалған қостанайлық тұрғынға елордадағы академик Н.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының дәрігерлері ерекше ота жасады деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, пациентке МӘМС жүйесі аясында ем жүргізілуде.   Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны 2022 жылдың маусым айында жұмыс уақытында жүк көлігінен секіріп, алған жарақатының салдарынан аяғы жансызданып қалған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылып, ол жергілікті көпсалалы ауруханаға жеткізілген. 5 ай уақыт аралығында ауруханада болған науқастың аяғын сақтап қалу үшін оған Илизаров аппараты қойылды. Сонымен қатар бірнеше ауыр ота жасалды. Пациентті әрі қарай емдеу мақсатымен Рудный қаласының көпсалалы аурухана дәрігерлері телемедицина арқылы академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының мамандарымен байланысты. Пациент жайлы толық ақпарат нақтыланған соң, науқасты Астана қаласына жеткізу ұсынылды.
«Қазан айының соңында пациентті біздің орталыққа жеткізгеннен кейін, бөлімше дәрігерлері оны толық қарап, жағдайын ойласты. Консилиум барысында алдымен тері трансплантациясын жасаймыз, содан соң науқасқа осыған дейін орнатқан Илизаров аппаратын шешіп, оң аяғына басқа жолмен бекіту туралы шешім қабылданды», - дейді академик орталықтың №4 травматология бөлімшесінің дәрігері Әлия Атапилева.