Жаңалықтар

15 жастағы қазақстандық джиу-джитсудан 6 дүркін әлем чемпионы атанды

ашық дереккөзі

15 жастағы қазақстандық джиу-джитсудан 6 дүркін әлем чемпионы атанды

Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында 15 жастағы қазақстандық Жібек Құлымбетова тағы бір «алтын» жеңіп алып, джиу-джитсудан алты дүркін әлем чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қызылкүрең белбеу иегері 48 келіге дейінгі салмақта белдесті. Ол 16-17 жас аралығындағы спортшылармен сынға түсті. Abu Dhabi World Jiu-Jitsu Championship деп аталатын чемпионат белбеу жүйесі бойынша өтті. Финалда Жібек БАӘ-нің жергілікті спортшысымен күш сынасып, ұпай санымен жеңіске жетті. Чемпионның айтуынша, ол араб қаласында 20 күн болған. Осы уақытта дейін жергілікті клубтардың бірінде жаттыққан Жібек осы команданың спортшыларына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол жаттықтырушы Нұрсұлтан Орынбасаровтың ерекше еңбегін атап өтті. «Нұрсұлтан аға мені джиу-джитсуға ғашық етіп, әлем чемпионы етті. Оған өте ризамын. Сондай-ақ мені қолдаған барша жұртқа алғыс айтамын», - деді чемпион қыз. Бірер күн бұрын Әбу-Дабиде Ju-Jitsu World Championship Abu Dhabi 2022 чемпионаты өтіп, онда Жібек Құлымбетова бес дүркін әлем чемпионы атанды. Жарыс «не-ваза» тәртібі бойынша өтті. [caption id="attachment_204501" align="alignnone" width="1221"] фото: inform.kz[/caption]