Жаңалықтар

Кәсіподақтар федерациясының мүшелігі қалпына келтірілді

ашық дереккөзі

Кәсіподақтар федерациясының мүшелігі қалпына келтірілді

17 қараша күні Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Бас кеңесі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мүшелігін қалпына келтіру туралы шешім қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Еске салайық, Төраға бастаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының делегациясы Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының V конгресінің жұмысына қатысуда.