Үкімет басшысы Экономиканы демонополиялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

19 қараша, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Үкімет басшысы Экономиканы демонополиялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Экономиканы демонополиялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді деп хабарлады turkystan.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының басшылары және тағы басқалары қатысты. Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетика кешенінің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорынды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады. Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңды және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.