Халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша тіркеуге дайын болды ма?

Халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша тіркеуге дайын болды ма?

Халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша тіркеуге дайын болды ма?
ашық дереккөзі
Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дəурен Абаевтың айтуынша, уақытша тіркеуге орай, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инфрақұрылымы дайын болған. Тек ХҚКО-лардағы бүкіл қызметкер уақытша тіркеу жүргізе алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инфрақұрылымы дайын болды. Тек заң бойынша ХҚКО-лардың бүкіл қызметкері азаматтарды тіркей алмайды", - деген министр бірнеше күннің ішінде бұл мəселе реттелетінін атап өтті. "Бірнеше күн ішінде инфрақұрылымның əзірлігі жөнінде дəлірек ақпарат естисіздер деп ойлаймын. Бірнеше күннен кейін бұл бағытта қолдарыңызда кезең-кезеңді нұсқаулық болады. Біз күні-түні жұмыс істеп жатырмыз",-деді Абаев.
Онлайн-тіркеу осы аптаның аяғына қарай іске қосылатын болады. Бұл туралы Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дəурен Абаев мəлім етті. Министр осы уақытқа дейін 250 мыңнан аса адам уақытша тіркелуден өткенін хабарлады.
"Жалпы, бұл заң жобасын Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі əзірлеген жоқ. Біздің қызметіміздің аясындағы жұмыстарға қатысты сұрақтардың барлығына жауап бере аламыз. Мысалы, онлайн-тіркеуге қатысты айтар болсам, онлайн-тіркеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауға дайынбыз",-деді Д.Абаев.
Министр мəлім еткендей, онлайн-тіркеуді іске қосу үшін Ішкі істер министрлігі тарапынан талап етілетін жұмыстар қалған. "Онлайн-тіркеуді бастау үшін оған дайындық керек. Біз өз тарапымыздан дайындық өткіздік. Енді Ішкі істер министрлігі тарапынан екі-үш жұмыс қалды. Сол жұмыстар аяқталса, онлайн-тіркеу іске қосылады. Осы аптаның аяғына дейін онлайн-тіркеуді іске қосуға тырысамыз",-деді Д.Абаев.