Қостанайда жаңа Студенттер үйі ашылды

Қостанайда жаңа Студенттер үйі ашылды

Қостанайда жаңа Студенттер үйі ашылды
ашық дереккөзі
Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бүгін Қостанай қаласындағы «Студенттік үй» жаңа заманауи жатақханасының ашылуына қатыстым. Студенттік үй «Сервис КСТ» ЖШС компаниясының жеке инвестициялары есебінен салынды. Жаңа тұрғын үй кешені заманауи жиһаздармен, кітапхана, асхана, спорт залы, санитарлық торап және кір жуатын орынмен жабдықталған» деп жазды әкім. Болашақта мұнда монша кешені мен минимаркет ашу жоспарлануда. Жатақхана барлық заманауи стандарттарға сай. «Студенттерге арнап жайлы жатақхана салған жергілікті «Сервис КСТ» ЖШС компаниясына алғысымды білдіремін. Бұл мемлекет пен бизнестің өзара тиімді ынтымақтастығының жақсы үлгісі, сондай-ақ жастардың болашағына салынған үлкен капитал екенін атап өткен жөн», - деді облыс басшысы.
 width=  width=