Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды
ашық дереккөзі
Оралдан ұшқан FlyArystan ұшағы Алматыға 18 қараша күні сағат 6:15-те жетуі керек болған деп жазды turkystan.kz. Бірақ, борт ішіндегі бір жолаушы өзін жайсыз сезінгендіктен, ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонған. Белгілі болғандай, Оралдан Алматыға бет алған ұшақ 18 қараша күні сағат 5:20-да Ақтөбе қаласындағы әуежайға қонған.
«Ақтөбеге қонуының себебі – 1963 жылы туған ер адамның денсаулығы нашарлады. Ол Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.