Жаңалықтар

Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

ашық дереккөзі

Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

Оралдан ұшқан FlyArystan ұшағы Алматыға 18 қараша күні сағат 6:15-те жетуі керек болған деп жазды turkystan.kz. Бірақ, борт ішіндегі бір жолаушы өзін жайсыз сезінгендіктен, ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонған. Белгілі болғандай, Оралдан Алматыға бет алған ұшақ 18 қараша күні сағат 5:20-да Ақтөбе қаласындағы әуежайға қонған. «Ақтөбеге қонуының себебі – 1963 жылы туған ер адамның денсаулығы нашарлады. Ол Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.