Жаңалықтар

Жанқош Тұраров бастаған бір топ жігіт Леслиді күтіп алуға дайын (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Жанқош Тұраров бастаған бір топ жігіт Леслиді күтіп алуға дайын (ВИДЕО)

Қазақстанға келерінің алдында сынға іліккен ресейлік блогер Александр Кирилловты қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров бір топ жігіттермен күтіп алуға дайын екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Ассалаумағалейкум, ағайындар! Алекс жолға шығыпты. Біз оны күтіп отырмыз. Келсін. Көреміз. Сабасына түсіреміз!» - деді боксшы. Айта кетейік, бұған дейін «Алекс Лесли» лақап атымен танымал ресейлік блогер Александр Кириллов әлеуметтік желіде қазақ қыздарына қатысты жағымсыз пікір білдіріп, қазақстандық белсенділердің наразылығын тудырған еді.