Жаңалықтар

Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына пәтер сыйға берілді

ашық дереккөзі

Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына пәтер сыйға берілді

Астанада отқа оранған пәтерден өмірін қатерге тігіп, адамдарды құтқарған өрт сөндірушінің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификаты сыйға берілді деп хабарлады turkystan.kz. «Мемлекет басшысының атынан ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен берілді», - делінген хабарламада. Ал өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетілетін болады. Екі өрт сөндірушінің отбасыларына жалпы сомасы 6 млн теңге болатын несиелерін өтеуге көмек беріледі.