Бүлдіршін «Алисадан» Қазақстанның Әнұранын қосуды сұрады (ВИДЕО)

Бүлдіршін «Алисадан» Қазақстанның Әнұранын қосуды сұрады (ВИДЕО)

Бүлдіршін «Алисадан» Қазақстанның Әнұранын қосуды сұрады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде бүлдіршіннің «Алисадан» Қазақстанның Әнұранын қосуын сұраған сәті елді сүйсіндірді деп хабарлады turkystan.kz ZTB Qazaqstan басылымына сілтеме жасап.
«Алиса, Қазақстанның Әнұранын қойшы. Әке, Алиса мені тыңдамай жатыр, айтшы, Әнұранды қойсын», - дейді бала.
Видеоның соңына қарай Әнұран қосылып, бүлдіршіннің жүрегіне қолын қойып, қосыла айтып тұрғанын көруге болады.
Желі қолданушылары оның орындауына сүйсініп, жылы лебізін білдірген.
«Елім деп соғып тұрған жүрегіңнен айналдым балапан!», «Нағыз қазақ қызы, тіл-көзден сақтасын!», «Бақытты бол, балапан!» деп жазды олар.