«Алекс Лесли» лақап атымен танымал ресейлік блогер Александр Кирилловқа Қазақстанға кіруіне тыйым салынған еді. Алайда, ол оны жоққа шығарып, Қазақстанға келе жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Маған Қазақстанға кіруге тыйым салғаны туралы ақпаратты жоққа шығарамын. Мен шамамен 6 сағаттан кейін Алматыға жетемін. Жанкүйерлерімді де, хейтерлерімді де кездестіруге қарсы емеспін. Қазақстанды жақсы көремін! Күтіңіздер!» деп жазды ол.
«Алматы қаласының Полиция департаменті қабылданған шаралармен Ресей Федерациясының азаматы А. Кирилловтың Қазақстанға кіруіне бір жылға тыйым салынғанын мәлімдеді», – делінген полиция хабарламасында.Алекс Лесли кім? Алекс Лесли – блогер, қыздарды қарату техникасы секілді тренинг өткізеді және кітап жазады. 2018 жылы Лесли Таиландта заңсыз тренинг ұйымдастыру және еңбек заңнамасын бұзу күдігімен қамауға алынған. Кейін бұл айыптар алынып тасталып, құпия қылмыстық топ құру және сексуалды сипаттағы қызмет ұсыну баптарымен күдікті деп танылған. Көп ұзамай, оларға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, Ресейге депортацияланды.