Денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндірушінің жағдайы белгілі болды

Денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндірушінің жағдайы белгілі болды

Денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндірушінің жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзі

Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жағдайы ауыр екенін дәрігер Павел Кутиков айтты деп хабарлады  turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Асқардың денесінің 80 пайызын күйік шалған.

«Бірден айтайын, науқастың жағдайы өте ауыр. Өйткені, денесінің 80 пайызы күйген. Беті сау, ішінің терісі сау, аяғы күймеген. Саны күйген. Өрт сөндіруші жанып жатқан пәтерге кіргенде маска тақты ма, жоқ па, білмеймін, бірақ маған жеткен ақпаратқа сәйкес, ол адамдарды құтқару үшін шешінген дейді. Жалындаған оттың ішінде оның тыныс алу жолына ыстық ауа түскен. Яғни, денесінің сыртын күйдірген от оның аузын, тамағын, тыныс алу жолын, өңешін, өкпесін күйдірген», - деді дәрігер.
Қазір оның өкпесі демалсын деп дәрігерлер жасанды тыныс алу аппаратына қосқан. Ағзасы аппаратқа қарсылық танытпасын деп дәрімен ұйықтатып қойған. Естеріңізге сала кетсек,16 қараша күні Астанада Момышұлы даңғылындағы көпқабатты үйдің 11-қабатында үш бөлмелі пәтер отқа оранған.