Италиядағы әуежайлардың бірінде 100 мың ара жұмыс істейді

Италиядағы әуежайлардың бірінде 100 мың ара жұмыс істейді

Италиядағы әуежайлардың бірінде 100 мың ара жұмыс істейді
ашық дереккөзі
Италиядағы Болонья әуежайында 100 мың ара жұмыс істейді. Олардың қызметі – ауаның сапасын бақылау деп хабарлады turkystan.kz.  Аралар әуежайдың айналасындағы 8 ұяшыққа орналастырылған. Онда олар өсімдіктерді тозаңдандырады. Ал ғалымдар олардан бал алып, тұрақты түрде құрамын тексеріп отырады. Осылайша ауада, суда, топырақта және өсімдіктерде зиянды заттардың бар-жоғын анықтауға болады. Егер балдың құрамы дұрыс болмаса, ғалымдар ауа сапасын жақсарту бойынша ұсыныстармен жұмыс істей бастайды. Ауаның ластануы (азот оксидтері, шаң микробөлшектері, озон) тыныс алу жолдары мен жүрек ауруларына әкеп соғуы мүмкін. Қазір Еуропа ауа сапасына байланысты жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, оның нәтижесі де бар. Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігінің зерттеуіне сәйкес, соңғы 10 жылда Еуроодақ елдерінде ауа сапасының төмендігінен мезгілсіз өлім саны екі есе азайған. Қазір еуропалықтардың шамамен 25%-ы ауадағы шаң бөлшектерінің концентрациясы (ең қауіпті ластаушы заттардың бірі) ДДҰ белгілеген нормалардан жоғары жерде тұрады. Егер ауа сапасын жақсарту туралы барлық қабылданған заңдар орындалса, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 12%-ға дейін түседі деген болжам бар.