Жаңалықтар

Елімізде алдағы күндері қар жауып, аяз болады

ашық дереккөзі

Елімізде алдағы күндері қар жауып, аяз болады

«Қазгидромет» РМК 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта бұрқасын болуы ықтимал. «20 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады. Оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста және солтүстікте 15-23 градус, шығыста 12-20 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі», - делінген хабарламада.