Атыраудағы жол апаты: бір адам қаза тауып, төрт көлікке зақым келді

Атыраудағы жол апаты: бір адам қаза тауып, төрт көлікке зақым келді

Атыраудағы жол апаты: бір адам қаза тауып, төрт көлікке зақым келді
ашық дереккөзі
Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін таңертең болған деп хабарлады turkystan.kz. Toyota Camry автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жүргізуші Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесінің бойында қарама-қарсы бағытқа шығып, әуелі электр бағанасына соқтығысқан. Көлік соққы екпінімен сол маңдағы құрылыс нысанының қоршауына соғылып, жол жиегінде келе жатқан ер адамды қағып құлатқан. Бұдан кейін тұрақта тұрған Hyundai Elantra мен ВАЗ – 2111 автокөліктеріне соғылған. Ал Hyundai Elantra автокөлігі соққы екпінімен жолда келе жатқан Volkswagen Passat автокөлігімен түйісті. Жол апаты салдарынан Toyota Camry көлігі қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады департамент өкілі.
Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң белгілі болады.