Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Шымкент көш бастады

Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Шымкент көш бастады

Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Шымкент көш бастады
ашық дереккөзі

Оңтүстік Қазақстан облысы бала туу көрсеткіші бойынша көш бастады, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ

Аймақта жыл сайын демографиялық потенциал артып, ана мен бала өлімі азайып келеді. Мәселен, 2016 жылы облыста 79 195 нәресте дүниеге келген. Дүние есігін ашқан сәбилердің ішінде 765-сі егіз болса, 5-уі үшем. Еліміздегі әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келсе, соның ішінде бала туудың ең жоғары көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы алда тұр. Мәселен, өткен жылы қалада 36 191 бала дүниеге келген. Ал облыс аудандарының арасында бала туу саны жағынан Түркістан қаласы алдыңғы орынды иеленіп отыр, онда өткен жылы 8742 бала дүниеге келген. Одан кейінгі орында Мақтарал ауданы тұр – 7880 бала. Ал, Сарыағаш ауданында 7425 нәресте дүниеге келген. Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды арттыру есебінен жаңа медициналық мекемелер салынды. Материалдық-техникалық жабдықтау жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда орнатылды. Мұның бәрі өз кезегінде өңірде ана мен бала денсаулығының жақсаруына, туу көрсеткішінің артуына оң ықпал етті.