Жаңалықтар

Ақтөбеде автокөлігін мас күйде басқарған әйел ұсталды

ашық дереккөзі

Ақтөбеде автокөлігін мас күйде басқарған әйел ұсталды

Тәртіп сақшылары 16 қарашада жол ережесін бұзған Daewoo Matiz маркілі автокөлікті тоқтатқан. Рөлде 41 жастағы әйел болған деп хабарлады turkystan.kz. Әйел алкоголь тұтынғандықтан жеңіл дәрежеде мас болған. Тексеру кезінде оның бұрын да мас күйінде көлік құралын басқарғаны және көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.   «Осы факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі "Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы" бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды», - деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.