«Қазақстандағы ең «нашар ақын» – мен» – Мұхтар Шаханов (ВИДЕО)

«Қазақстандағы ең «нашар ақын» – мен» – Мұхтар Шаханов (ВИДЕО)

«Қазақстандағы ең «нашар ақын» – мен» – Мұхтар Шаханов (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

«Qazaq Online» деп аталатын  You Tube каналда көшеде кезіккен азаматтарға сыйлық жасап, қуантып жүретін азаматтың Мұхтар Шахановпен кездескен сәті жарияланды деп жазды turkystan.kz. Блогер ақынға қалам мен сағат сыйға тартқан. Сондай-ақ Шахановпен бір дастарханда кездесудің үлкен бақыт екенін айтты. Ал Мұхтар Шахановтың оған берген жауабы мүлде қызық.

«Қазақстандағы ең «нашар ақын» – мен. Менен «нашар ақын» жоқ. Менің шығармаларым азғантай ғана мемлекеттерде жарық көрді. Менің шығармаларым бар болғаны екі жүз-ақ мемлекеттің тілінде жарияланған», - дейді әзіл-шыны аралас Мұхтар Шаханов.

Сондай-ақ ол қаза тілін сақтап қалу жолындағы жемісті еңбегін сөз еткен.