АҚШ-та бір топ курсантты көлік қағып кетті (ВИДЕО)

АҚШ-та бір топ курсантты көлік қағып кетті (ВИДЕО)

АҚШ-та бір топ курсантты көлік қағып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Лос-Анджелесте автокөлік таңертеңгі уақытта жүгіріп жүрген бір топ полиция курсанттарын қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Салдарынан 25 адам зардап шекті. Оның ішінде жүргізуші де бар. 5 адамның жағдайы ауыр. Полицейлер жол апатын жасаған жүргізушіні оқиға болған жерден ұстап әкетті. Көлік тізгінінде 22 жасар азамат болған. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер бас жарақаттарымен, сүйек сынықтарымен жақын маңдағы ауруханаларға жатқызылған. Курсанттардың бірі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.