Елімізде 7-8-сынып оқушылары да есірткі қолдана бастаған

Елімізде 7-8-сынып оқушылары да есірткі қолдана бастаған

Елімізде 7-8-сынып оқушылары да есірткі қолдана бастаған
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесу барысында есірткі қылмысына тоқталып, нашақорлық мәселесін көтерді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «СҚО-да 415 кг есірткі тәркіленді, оның 2,2 кг синтетика. 1 зертхана жойылды. 94 есірткі сайты бұғатталды. Өкінішке қарай, елдегі есірткіге тәуелді адамдар саны туралы нақты және сенімді ақпарат жоқ. Ресми статистика бойынша, олардың саны жыл сайын азайып келеді. Бірақ, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Сарапшылардың бағалауы бойынша нашақорлардың саны іс жүзінде 5 есе көп. Бүгінде «синтетика» тез таралып жатыр. Көптеген адам бұл мәселенің оларға қатысы жоқ деп ойлайды. Олар нашақорлықтың қоғамда қаншалықты тамыр жайғанын білмейді. Бүгін тіпті 7-8-сынып оқушыларының да есірткі тұтынатын жағдайлары анықталып жатыр. Бұл ұлттық қауіпсіздікке, ұлттың генофондына қауіп төндіреді», - деді Марат Ахметжанов.