Жаңалықтар

Футбол клубтарына спорттық инфрақұрылымды жақсарту міндеттеледі

ашық дереккөзі

Футбол клубтарына спорттық инфрақұрылымды жақсарту міндеттеледі

Қазақстан футбол федерациясы ішкі біріншіліктің дамытуға білек сыбана кіріскелі отыр деп хабарлады turkystan.kz. Федерация президенті Әділет Бәрменқұлов журналист Алмас Манапқа берген сұхбатында қазақ футболын қалай дамытуға болатынын айтып берген. «Қазіргі таңда футбол менеджерлерін даярлайтын мектебін іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өйткені мықты мамандар қажет. Бапкерлер штабын даярлау мектеп ашу да жоспарда бар. Төрешілер жұ­мы­сы да маңызды. Төрешілерді тәрбиелеуде ойыншы мен бапкер сияқты ұзақ дайындықты талап етеді. Батыстың мамандарын шақырып, жас төрешілер мектебін дамытуды қарастырып отырмыз», - деді Әділет Бәрменқұлов. Сондай-ақ ол 2022 жылғы футбол маусымындағы матчтарды алғаш рет толыққанды VAR-жүйесін қолдану арқылы өткізіп жүргендерін айтқан. «Мұны үлкен жетістік деп айтуға болады. УЕФА-ға мүше 55 елдің барлығы мұндай жүйемен мақтана алмайды. Қысқа мерзімде техникалық мамандар мен төрешілерді оқытып, лицензия алып, әрі қарай ел біріншілігіне енгізе алдық. Мұның өзі чемпио­наттың деңгейін арттырды. Келесі маусымнан бастап футбол клубтарынан стадиондағы жасыл алаңға жылу қондырғыларын орнатуды, спорттық инфрақұрылымды жақсартуды талап етеміз. Бұл міндеттер де ішкі біріншіліктің дамуына жәрдемдесе алады», - деді ҚФФ басшысы.