«Әмина 2200, Фатима 2020, Мадина 2000 грамм болып дүниеге келді. Қазір әрқайсысы салмақ қосып жатыр. Ана мен үшемнің жағдайы жақсы. Анасы кесір тілігі арқылы босанды. Шамамен 34-35 аптада босандырып алдық», - деді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Гүлшат Темірбаева.Оның айтуынша, биыл облыстық перинаталды орталықта үш үшем өмірге келген.