Жаңалықтар

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

ашық дереккөзі

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 21 желтоқсанға дейін ұзартты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «2022 жылы 17 қарашада сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін», - делінген сот хабарламасында. Айта кетейік, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын. Еске салсақ, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы 22 сәуірде ақпарат тараған еді. Ол Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған.