Жексенбі, 29 Қаңтар, 2023

Тоқаев өрт сөндірушілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды деп хабаралады turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин I дәрежелі «Айбын» орденімен, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіров III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Забикулин Асқар Серікұлы – азаматтық қорғаныс капитаны

Тоқаев өрт сөндірушілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

1994 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Казгородок ауылында туған.

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын «Қарақөткел» ӨБ-9 өрт сөндіру постының қарауыл басшысы ретінде бастаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқар жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі лауазымына 2021 жылы тағайындалған.

Кемпіров Аян Алматұлы – азаматтық қорғаныс аға сержанты

Тоқаев өрт сөндірушілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

1988 жылы 5 мамырда Қостанай қаласында туған.

Қарағанды политехникалық колледжін сарапшы-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі қызметіне 2021 жылы тағайындалған.

Осыған дейін Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 3 адамның ауруханаға түскенін жаздық. Сондай-ақ Астанада 3 адамды құтқарған өрт сөндіруші 80% күйікпен жансақтау бөлімінде жатқаны туралы хабарланды. Осы уақытта зардап шеккен өрт сөндірушілерге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button