Мейрам Қажыкен Шымкентте студенттермен кездесті

Мейрам Қажыкен Шымкентте студенттермен кездесті

Мейрам Қажыкен Шымкентте студенттермен кездесті
ашық дереккөзі
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды. Мұнда ЖОО студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді. Білім алушылар кандидатқа шынайы қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Олар білім беру, мәдениетті дамыту, саясат пен қатар экономика мен ұлттық қауіпсіздік тақырыптарын да көтерді. М. Қажыкен оңтүстік облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, сондай-ақ елдің қорғаныс қабілетін арттыру үшін әскери және азаматтық техника өндірісі жолға қойылған қуатты әскери-өнеркәсіптік кешен құру қажет екенін атап өтті.  width=
«Тараз бен Шымкент арасында Түлкібас кенті бар. Онда сіз үлкен технологиялық кластер жасай аласыз. Біз қазір халықаралық жағдайдың қандай екенін көреміз: Ресей мен Украина арасындағы соғыс, оңтүстіктегі көршілер бәрі тыныш емес. Біз өз тыныштығымызды қорғай білуіміз керек. Қаруымызды жасайтын уақыты келді. Мұны Түлкібаста жасауға болады. Ол үшін өндіріс дамуы керек. Тараз бен Шымкентте химиялық, темірбетон және металл өнімдерін өндіретін кәсіпорындар бар. Кластердің арқасында жұмыс орындары табылады. Егер сіз жақсы заманауи кластерді аша алсаңыз, онда қару-жарақ заманауи болады. Меің ойымша – болашақта осындай өндірісті құру керек», - деді кандидат.
М.Қажыкен айтуынша, бұл кластерде, химия, биология, физика, инженерия пәндерін оқитын студенттер жұмыс істей алар еді. Өйткені бұл бағыттардың барлығы өнеркәсіптік-технологиялық кластердің ашылуы мен жұмыс істеуі үшін қажет.  width= Үмміткер жиында жас ұрпаққа, олардың күшіне және қалыптасқан әлемді өзгертуге деген сенімін білдірді.
«Жастар барлық уақытта ересектерден ерекшеленді. Сіз бізден өзгешесіз. Сізде ашық көзқарас бар, сізде қорқыныш жоқ. Бұл жолдан таймаңыз. Әлемге ашық болыңыз, жасырынбаңыз. Болашақта сіз де жастарды оқытып, оларға білім мен тәжірибе бересіз», - деп қосты ол.
Үміткер өзінің саяси бағдарламасында жастарға үлкен басымдық жасайды. Оның айтуынша, қазір жастар үшін қоғамның  барлық салаларында қажетті жағдайлар жасау қажет.
«Мен Президент болған кездегі міндетім - сіздерге есік ашу, мүмкіндіктер беру. Жастарды алдау мүмкін емес, мен оған студенттермен кездескен сайын көзім жетті. Сондықтан оларға шындықты айтамын», - деді М.Қажыкен.
Ол сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақыны, зейнетақыны, әлеуметтік төлемдерді арттыру, медицина сапасын жақсарту мәселелерін де айналып өтпеді.  width= Студенттер үміткерден президенттіктің бірінші күнінде не істегісі келетінін сұрады.
«Әрине, мен кәсіподақ мәселелерін шешемін. Олар мені алға тартты, мен олардың сенімін ақтауым керек. Бұл тұрғыда менің міндетім – барлық тараптардың еңбекшілердің, жұмыс берушілердің және мемлекеттің мүдделерін сақтай отырып, тең құқықтармен әлеуметтік әріптестік институтын құру», - деді Мейрам Қажыкен.