Жаңалықтар

Мейрам Қажыкен Шымкентте студенттермен кездесті

ашық дереккөзі

Мейрам Қажыкен Шымкентте студенттермен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды. Мұнда ЖОО студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді. Білім алушылар кандидатқа шынайы қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Олар білім беру, мәдениетті дамыту, саясат пен қатар экономика мен ұлттық қауіпсіздік тақырыптарын да көтерді. М. Қажыкен оңтүстік облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, сондай-ақ елдің қорғаныс қабілетін арттыру үшін әскери және азаматтық техника өндірісі жолға қойылған қуатты әскери-өнеркәсіптік кешен құру қажет екенін атап өтті. Үмміткер жиында жас ұрпаққа, олардың күшіне және қалыптасқан әлемді өзгертуге деген сенімін білдірді. «Жастар барлық уақытта ересектерден ерекшеленді. Сіз бізден өзгешесіз. Сізде ашық көзқарас бар, сізде қорқыныш жоқ. Бұл жолдан таймаңыз. Әлемге ашық болыңыз, жасырынбаңыз. Болашақта сіз де жастарды оқытып, оларға білім мен тәжірибе бересіз», - деп қосты ол. Үміткер өзінің саяси бағдарламасында жастарға үлкен басымдық жасайды. Оның айтуынша, қазір жастар үшін қоғамның  барлық салаларында қажетті жағдайлар жасау қажет. «Мен Президент болған кездегі міндетім - сіздерге есік ашу, мүмкіндіктер беру. Жастарды алдау мүмкін емес, мен оған студенттермен кездескен сайын көзім жетті. Сондықтан оларға шындықты айтамын», - деді М.Қажыкен. Ол сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақыны, зейнетақыны, әлеуметтік төлемдерді арттыру, медицина сапасын жақсарту мәселелерін де айналып өтпеді.