Елімізде министрлер қанша жалақы алады?

Елімізде министрлер қанша жалақы алады?

Елімізде министрлер қанша жалақы алады?
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті сенаты отырысында Қаржы министрі - Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы туралы сұраққа жауап берді деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Қаржы министрінің айтуынша, министрлердің жалақысы еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты.
«Бәрі еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. 500-600 мың теңге ең аз деп ойлаймын. Ең жоғарысы еңбек өтіліне байланысты және 1,5-1,7 миллион теңгеге жетеді», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Премьер-министрден оның қанша жалақы алатыны да сұралды. Қаржы министрі Әлихан Смайылов рұқсат берсе, келесі жолы соманы жариялайтынын айтты.
«Әлихан Асханұлы рұқсат етсе, айтамын... Дәл қазір нақты айта алмаймын», - деді Ерұлан Жамаубаев.