Жаңалықтар

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб 20 мыңнан астам іс-шара өткізді

ашық дереккөзі

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб 20 мыңнан астам іс-шара өткізді

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Алматы қаласында өткен сайлаушылармен кездесуде Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірінде 20 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өткенін атап өтті. Осы күні шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтіп, оның барысында РҚШ мүшелері кандидаттың кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ұсынып отырған бастамалары туралы айтып берді. Зиялы қауыммен кездесуде РҚШ мүшелері кандидаттың тарихи мұраны сақтау, мәдениетті қолдау және отандық өнерді дамыту бойынша ұсынған шараларын талқылады.