Астанада тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 23 сайлау учаскесі ашылды

Астанада тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 23 сайлау учаскесі ашылды

Астанада тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 23 сайлау учаскесі ашылды
ашық дереккөзі
Астана қаласында тіркеуде жоқ азаматтар дауыс бере алатын 23 учаскенің тізімі жарияланды деп хабарлады turkystan.kz қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. Сайлаушылардың осы санатына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері көмек көрсететін болады. Мұнда әртүрлі себептермен тіркелмеген адамдар өз құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Осы мақсатта аталған учаскелерде бір күндік тіркеу жүргізіледі. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары тіркеусіз-ақ өздерінің азаматтық борышын орындауға және ел өміріндегі маңызды оқиғаға өз үлесін қосуға мүмкіндігі бар. Ол үшін азаматтардың осы санаты сайлау учаскесіне сайлау күні келіп, сол жерде бір күнге тіркелуі тиіс. Мұндай толықтыру Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы «Ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына енгізілген болатын. Онда тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні, сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге мүмкіндік берілетіні айтылған.
«Астанада сайлау күні 406 сайлау учаскесі ашылады. Сіз өзіңіздің учаскеңізді sailau.astana.kz сайты арқылы, Smart Astana мобильді қосымшасы, Telegram чат-ботына кіру арқылы немесе iKomek байланыс орталығына 109 нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы біле аласыз», - делінген хабарламада.