Қызылордада ауыл шаруашылығы өнімдері 21 мемлекетке экспортталады
Қызылордада ауыл шаруашылығы өнімдері 21 мемлекетке экспортталады
Жыл сайын Қызылорда облысында экспорт көлемі артып келеді. Яғни, шетелдік нарықта сыр өнімдерінің сұраныс аясы кеңейеді түскен.
Статистикаға сәйкес, облыстан 2022 жылдың 1 қазанына 43 млн. долларды құрайтын 80,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталған. Оның ішінде күріш, балық өнімдерімен қатар, бидай қалдығы, қамыс, қауын, қарбыз, көкөніс, қызанақ өнімдері шетелдік нарықта шығарылған. Бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда экспорт көлемі 170,6 пайызды құрап отыр. Нәтижесінде сыр өнімдері әлемнің 21 мемлекетіне экспортталған.
Сыр өңірінен күріш дақылынан өзге, Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Венгрия, Литва, Германия, Чехия, Нидерланды және Австрия мемлекеттеріне 2 539,1 тонна балық экспортталған. Сол сияқты Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 2 210,6 тонна қамыс, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанға 1 126,8 тонна бидай қалдығы және Ресей мемлекетіне 280,0 тонна қызанақ, 2183,0 тонна қарбыз, 305,0 тонна қауын жөнелтілген. Сонымен қатар, Қытай мемлекетіне 1 229,4 тонна көкөніс өнімдері экспорттау ісі жолға қойылған.
Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ
Қызылорда облысы