2:0 – қақпашы Шацкий Өзбекстаннан ұтылған ойынға қатысты пікір білдірді

2:0 – қақпашы Шацкий Өзбекстаннан ұтылған ойынға қатысты пікір білдірді

2:0 – қақпашы Шацкий Өзбекстаннан ұтылған ойынға қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Өзбекстаннан ұтылған матчқа (0:2) қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ойын біз жоспарлағандай өтпеді. Бапкердің айтқаны да болмады. Бірінші таймды уысымыздан шығарып алдық. Екіншісінде жинақы ойнадық, дегенмен қуып жету қиын болды. Өзбекстан - өте жақсы қарсылас. Оларда Шомурадовтың жеке шеберлігі шешіп кетті. Жанкүйерлер қолдауы маңызды. Олар бізге қолдауын аяған жоқ. Сондықтан кешірім сұрағым келеді. Енді осымен тұрып қалмай, Еуроға дайындалу қажет. Енді бапкерлер штабы бір қорытындыға келер. Қалыпқа келіп, жаңа бір тактиканы қолданып көреміз. Бапкерлер штабы көмектесер», - дейді Шацкий.