Жаңа Қазақстанды құру үшін мемлекетшіл мінез қалыптастыру керек – Өтен АХМЕТ

Жаңа Қазақстанды құру үшін мемлекетшіл мінез қалыптастыру керек – Өтен АХМЕТ

Жаңа Қазақстанды құру үшін мемлекетшіл мінез қалыптастыру керек – Өтен АХМЕТ
ашық дереккөзі
Нағыз белсенді қаламгерлер әрдайым заман тынысын тап басып, қоғам ойында жүрген мәселелердің шешімін іздейді. Сондықтан олардың мем­лекет, ұлт, әдебиет туралы пікірлері әрдайым өткір және маңызды. Белгілі жазушы, драматург жә­не аудармашы Өтен Ахметпен сұхбатымыз қо­ғам талқысында жүрген әңгімелермен өрбіп, ұлт­тық даму, мемлекетшілдік туралы ойларға ұласты. – Өтен аға, сіз әдебиетке бір кісідей ең­бек сіңірген аты белгілі жазушы бол­­с­аңыз да кезінде әдеби сын мақа­ла­­лардағы «қалыптасқан тізімде» атыңыз­дың атала бермегенін, яғни шы­ғармашылығыңызға дұрыстап на­зар аудармағанын білеміз. Жалпы, қа­ламгерлердің танымалдылығы, өз ұста­нымына адалдығы туралы ойыңыз қандай? – Күні кеше 84 жасқа толдым. Құттық­тау­лар қарша жауды. Бүкіл қазақ елінен. Бай­қасам, бәрі дерлік көркем әдебиетті сүйе­тін қарапайым оқырман. Рас, арасында бірде-бір шенеунік жоқ. Әу басынан менің көкірегімде шығарманы шенеунік үшін немесе өтпелі саяси науқандарға байла­ныс­ты әлдебір бәйге алу үшін жазбайды, қоғам ішін­де әртүрлі тағдыр тәлкегін кешіп жүр­ген адамдар туралы қалың оқырман үшін жа­зады деген ұстаным қалыптасқан. Осы­дан айныған емеспін. Ұстанымымның дұрыс­тығын кешегі мені құттықтаулар көр­сетті: қалың оқырман бар, бірде-бір ше­неунік жоқ. Иә, бізде кешегі коммунистік тап­сырыспен әртүрлі бәйге, атақ алған жазу­шылардың жасы мен құралыптас үлкен шоғыры бар, соның арқасында олар би­лік дәліздерінде еркін жүріп бедел тап­қан, үлкен дастарқандардан орын тиіп та­мыр-таныстық тамырын жайған. Алайда атақ­ты мен атақсыздың шығармаларын қа­тар алып, қайсысын қалай оқып жатыр деп салыстырып мониторинг жасаған кім бар? Ондайды естімеппін. Атақ – бізде кө­біне ішінде дәні жоқ құр ұшық. Бір жас зерт­теуші шығып, анау совет кезінен бас­тап атақ алғандардың тізімін жасап дұрыс­тап пайымдаса, атақ пен бәйгені кім кімнің ар­қасында алғанын қолмен қойғандай етіп айтып бере алады. Көзі қарақты оқырманның көбі белгілі жазушы, менің замандасым Софы Сматаевтың мұң-зарын естіп те, оқып та жүрген болар. Мысалы, мен он­дайым­ды өмірі айтқан емеспін. Айтпаймын да. Мүмкін, мінезім жасық болар. Ол айтып жа­тыр. Ащы айтып жатыр. Бұрынғы және қа­зіргі билік өкілдерінің аттарын атап ай­тып, дәлелдерімен. Өйткені билік дә­ліз­де­рінде кезінде өзі де еркін, ұзақ жүрген адам. Ол ортаның мінезін өте жақсы біледі. Мы­­салы, соңғы жазғанында Ғабит Мүсі­ре­пов­тен бастап марқұм болған біраз мық­ты­лардың атын атапты. Ашынып айтқан сол ащы әңгімесінің түйіні: бәйгені шы­ғар­маға бермейді, әртүрлі қитұрқы жолмен жо­ғарыға жақын жүрген адамдарға бер­гі­зе­ді. Әрине, үлкен билікте қолдаушысы бар­лар, қабырғасына май қатқан астауларға жа­қын жүретіндер, ақша айналатын жер­лер­де отырып ақша жасап алып, төңірегіне топ жинағандар үшін өзінің кереметтігі жайында шу туғызудың қазір түк қиын­дығы жоқ. Сол шулайтындардың біреуінен: пә­леншенің шығармашылығын жақсы кө­реді екенсіз, ғанибет, дегенмен оның қан­дай шығармасын оқыған едіңіз және нен­дей қасиеттері үшін ұнаттыңыз деп сұраңыз­шы, жай шуылдақ екеніне көзіңіз бірден жетеді. Бірақ олар фон жасайды. Өз­дерінің адамдарына қолдау көрсетуіне сыл­тау тауып береді. Тобырдың айқай шуы мен халықтың үні екі бөлек дүние, бірақ оның жігін айырып жатқан кім бар дейсіз. Ақын, жазушының «көпшілікке таны­мал­дығы» салыстырмалы ұғым. Бәріне уа­қыт төреші. Бірақ адам пенде өзі өмір сүр­ген қоғамның орнатқан ережелерін сәй­кес еңбегінің нәтижесін «мен анадан ар­тық болмасам, кем емес едім ғой» дейтін көңіл­мен көзінің тірісінде көріп қалғысы ке­леді. Мысалы, мұны біз Софы Сматаевтың тағ­дырынан анық көріп отырмыз. – Бір кезде қазақ әдебиеттану ғы­лы­мы мен жазушылардың шы­ғар­ма­шылығын бағалау мәселесінде, көбіне, аты белгілі ақын-жазушылардың маңайында жұмыс жүргізгені жа­сы­рын-жабатын нәрсе емес. Осы тұр­ғы­дан алғанда, өзіңіз қаншалықты ба­ғаланған қаламгерсіз? Қай шығ­ар­ма­ларыңыз бағасын алмады немесе қай­сы туындыларыңыз лайықты ба­ға­ланды? – «Бұрын жазушылардың шығарма­шы­лы­­ғын бағалау мәселесінде көбіне аты бел­гілі ақын-жазушылардың маңайында жұ­мыс жүргізгені жасырын-жабатын нәрсе емес» дейсіз, ол қазір де солай, інім. Мен аш­қан жаңалық емес, баяғыдан айтылып к­еле жатқан мәлім нәрсе ғой. Ықпалды жер­де жүрген кей кісілер тізіммен жұмыс іс­тейді. Кімнің кітабының шығуын, кімге әде­би бәйге, атақ берілетінін сол адам­дар­дың солардың қай өңірден шыққаны ше­шеді. Жалпы, әртүрлі аймақта, ұжымдық орталарда жауапты қызметтерде жүріп, көзімнің анық бір жеткен жері – тай­­пашылдық саяси жүйенің ішіне обыр­дың тамырлары сияқты тереңдеп кіріп алса, бір топтың екінші бір топты күйрету­дің, біреудің екінші біреуден кек алуының құра­лына айналып кетеді. Алаш арыс­тары­ның тағдыр-тауқыметін алайық. Немесе соң­ғы отыз жылдағы көріп-білгеніміз ше? Иә, жеке тәжірибемнен ұққаным, тай­па­шылдық бұрынғы саяси жүйелердің қай­сысынан да күшті болды. елдің шындап жаңаруын қазақ халқы тым ұзақ күтіп қал­ды. Тарихи мүмкіндігін осы жолы қолдан жібе­ре қоймас. Халықты біртұтастыққа бас­тайтын мұрат жолы қалыптасып, шы­найы демократиялық қоғам орнап, әркім өз орнында қолынан келер ісімен айна­лы­сып, жаппай мемлекетшілдік түсінік-мінез қа­лыптасса, рушылдық секілді кертартпа құбылыс идеологиялық қаруы болудан қалары сөзсіз. Мен қария адаммын, Жаңа Қазақ­стан орнап, кейінгі ұрпақ Софы Сма­­таев құсап әділетсіздіктің құрбаны бол­дым деп қартайғанда жыламай өтсе екен деймін. Шығармаларымның бағалануына келсем, әрине егер оның құнын ал­ған атақ, төске тағатындармен өлшесек – мен бағаланбаған адаммын. Әңгімеміздің ба­сында айттым ғой, не жазсам да оқырман үшін жазамын, солар оқыса екен деп жа­за­мын деп. Кеңестік кезеңде кітап дүкен­де­ріне жаңадан не түсті екен деп жиі бара­тын­мын, сонда байқаймын, партия, ком­со­мол сыйлығын алған кейбіреулердің кі­тап­тары қозғалмастан сықиып тұрады. Кейін КСРО құлағанда бәрін дерлік өртеп жіберді. Бертініректе кітапханаларға барғанымда, жетіден бастап жиырма пәленбай том­дық­пен шыққан сол «классикаларға» тағы ке­зік­тім. Қаланған жерлерінде адам қолы ти­меген күйінде мызғымастан қатып қал­ған. Жалпы, кейбіреулер бүгін бер­ме­сең­дер ертең өлемін деп араға адам са­лып қалай да атақ алуға неге сонша жан­та­ла­сады? Шығарманың құны оқыр­ма­ны­мен екенін олар білмейді емес, біледі. Бірақ оның маңызды емесін, маңыздысы билік алдында жататын тізімге кіруде екенін де жақ­сы біледі. Өйткені тізімге бір кірсең бол­ды, ешқашан марапат үлестіруден құр қал­майсың. Айтулы маскүнем болып жа­сыңа жетпей арақтан уланып өлсең де ру­лас-жерлестерің сенен қаһарман жасайды, тас мүсініңді қоқайтады, көшеге ме, әйтеуір бір жерге атыңды бергізеді. Күнде екінің бірі айтатын қарапайым сөздерінен тек со­ның ғана ғаламат милы басында туған­дай етіп ерекше әулиелік мәні бар деп тіз­бек­теп тәмсіл жасап қояды. Бірақ түптің тү­бінде мен шығарманың шынайы бағасын оқыр­ман береді деп есептеймін. Басты көр­сеткіші – жазғаныңның оқылғаны. – Қазақ әдебиетінде тарихи шығар­ма­лар көп жазылды, әлі де жазылып жа­тыр. Бір кезде І.Есенберлиннің ро­ман­дары өз тарихы туралы аз білетін қазақ оқырмандарын қызықтырғаны даусыз, ал қазір ұлттық тарихымызды зерттеуге еркіндік берілген кезеңде оны қияли қоспасы көп әдеби шы­ғар­малар арқылы насихаттау қажет пе? Тарихты жазып жүрген қаламгерлер сол тарих туралы объективті ой айта ала ма? – Біз, қазақ – есінен танып қалған ха­лық­пыз. Мемлекетің болмаған, шексіз иен да­лада қойдың құйрығын құрттаудан бас­қа ештеңе үйренбей, білмей жүре бергенсің де­генді ғасырлар бойы басыңнан ұрып тоқ­пақтап айта берсе, есіңнен танбағанда қай­тесің? Өз басым хат таныған соң ойла­на бастадым. Батырлар жырын баба­лары­мыз­дың өткен жолы деп қабылдадым. Көр­генім – соғыстан кейінгі күйкі тіршілік. Со­ның өзін бәлшебектердің ұлы жеңісінің ғажайып жеңісі деп дәріптейді. Түйсігің, еститінің, көріп жүргендерің бір-бірімен мүл­де сәйкеспейді. Жалғыз мен емес, қазақ­тың талай ұрпағы осындай көңіл күйінде іштей тынып өскені, өмір сүргені белгілі ғой. Сондықтан қазақ әдебиетінде алғаш тарихи шығармалар жарыққа шыққанда оқырман қызығушылығы мен қуанышында шек болмады. Мәселен, Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романының сол кездегі оқырман кө­зімен қарағанда сиқыры неде? Бұл шы­ғарманың саяси астарын біреу түсініп, біреу түсінбеген шығар, әңгіме онда емес, әңгі­ме қазақ халқының қой соңынан шыға ал­май қалған жабайы емесін, болашағын ой­лайтын, сол үшін күресе алатын, жаңару­ға, жақсаруға ұмтылатын әрекет үстіндегі ха­лық екенін жазушының суреттей білге­нін­де еді. Қазақ жабайы емес дегенді өзінше айта білгенінде еді. Мәселен, Ілияс Есен­бер­лин­нің «Қаһар» романы қазақ оқыр­маны­ның құлдық санадағы ұйқысынан ояна түсуіне түрткі болып, ойын ұлт деген ұғым­ға қарай бұрып санасын сілкіп жібергені дау­сыз. Ілекеңнің тарихи кітаптарында қа­зақ халқының тағдыры, өзен суы, тау та­сы әрдайым біртұтас. Оқырман қазақпын деп сезінеді. Кейінгі ру шежірелерін қуалап жаз­ған шығармаларды тарихи дүниелер деу­ге келмейді. Ана ру, мына ру деңгейдегі мақ­тан туғызуы мүмкін. Бірақ ондай шы­ғармалар ұлттық руханиятқа қызмет ете алмайды. Қазақтың қолында өзінің болашағын өзі қамдайтындай тап қазіргідей мүмкіндігі еш­қашан болған емес. Бізді өзбекпен са­лыс­тырып күпініп мақтанатындар әнеу жыл­дары өте көп болды, қазір де жетерлік. Олардың кемшіліктерін қоя тұрып айтсақ, бір артықшылығын мойындау керек. Ол – мемлекетшілдік психология – мінез. Бұл олар­да Ақсақ темір заманынан мықтап қа­лыптасқан. Сол себепті оларда ұлттық тіл мәселесі туындаған емес. Мем­ле­кет­шіл­дік мінездегі отбасы, жеке адам өз елі­нің ті­лін өлсе жоғалтпайды. Әйтпесе, өзбек жұрт ойлайтындай біртекті халық емес, ру­ларының саны, алуан түрлі кірме этнос­тар тұрғысынан, тіпті еврейлерінің өзі көп, бізден асып түспесе, кем түспейді. Өнер саласында тайпалық шежіре­лер­ден туындайтын шығармалар – мемлекетшілдік мінез қалыптастырудағы басты бөгет. Ал мемлекетшілдік мінезсіз Жаңа Қазақстан құру оңай болмас. Жаңа Қа­зақстанды құру барысында мемле­кет­шіл­дік мінез қалыптастыру тетіктерін ойлас­тыру ауадай қажет деп білем. Әйтпесе, тайпашылдық залымдықтан тағы да жеңі­ліп қаламыз. Мен тарихи шығармаларға оқырман қызығатынын білдім. Бірақ ондай дү­ние жазу үшін ру шежіресінің жеткіліксіз болатынын түсіндім. Сондықтан ол тақы­рып­қа саналы түрде бармадым. Мен өз за­ма­ным, өзімнің бүгінге ортам жайында жаз­ғанды жөн көрдім. Өзі өмір сүрген за­маны, ортасы туралы жазатын жазушының ба­ғы жанбайтынын да жақсы білдім. Өйт­кені кез келген адам бұл өмірді мен өзім де жетік білем деп ойлайды. Шынында, бүгінгі өмірдің артық-кемін түсінген адам ғана ертең­гі тәуір күнге бастайтын дұрыс жол таңдай алады. Әйтпесе, бір адасудан өлер­дей болып әрең шығып, тағы да адасу жо­лына түскенімізді білмей жауыр болған ескі сөздерді фетишке айналдырып, «әй, ен­ді осы жолы бәрін қатырамыз» деп ұран­датып, шындығында сол баяғы таба­ны­мыздың астындағыны таптаумен боламыз. Иә, өткенді сипаттау керемет. Жоқ, олай емес деп кім айтады. Бүгінгі күн­­ді суреттеу, айту қиямет. Өйткені куәң қа­сыңда. Осындайдан ғой, атақты Стен­даль­дің «Қызыл мен қара» деген романын замандастары іске алғысыз етіп тастағанда, мұның бағы жүз жылдан кейін жанады деп жауап бергені. Солай болып шықты ғой. Менің өз заманым, замандастарым туралы жазылған үш романым: «Қарқаралы аруы», «Заңғар», «Ғашық жүрек» тақырыбы, кө­тер­ген мәселесі, мазмұны, адам тағдыры жа­ғы­нан болсын қазақ әдебиетіндегі ешбір ро­манға ұқсамайды. «Қарқаралы аруы» ро­маным «Жазушы» баспасының 1984 жыл­ғы жоспарына енді. Соны шығартпау үшін, ішінде мемлекеттік сыйлық, тағы бас­қа атақ алғандары да бар, күйедей жа­был­ды. Таққан ортақ айыптары: «Советтік жерұйық тұрмысты бұрмалап көрсеткен, күйе жаққан». Негізінде, тапқан айыптары дұрыс. Ол шығармамда мен советтік жүйе сол қалпында кете берсе, шынында құлай­тынын болжаған едім. «Заңғар» – Теміртау металлургтер өмі­рі­нен. Заман өзгергенмен, қара метал­лур­гиядағы жұмысшы өмірі нашарламаса, жақ­сарған жоқ. Мен суреттеген сол тағдыр, әлі де сол тағдыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жақында болған үлкен тра­гедиялық апаттан кейін бұған өзі тікелей на­зар аударды. Өнер адамының тағдыры сахна мен сахна сыртында қандай? Осыны мен «Ғашық жүрек» романымда тұңғыш су­реттедім деп ойлаймын. Заманалар өз­гере келе менің бұл романдарым тарихи дү­ниелерге, өз уақытын танытатын қос­пасыз шынайы дүниелерге айналады. Бағы жанады. – Сіз жазуы қалыптасқан прозик қа­на емес, жанр табиғатын жақсы мең­герген драматургсіз. Өзіңіз жазған, аударған драмалық шығармаларыңыз театр сахналарында қойылған, қазір де көрсетіліп жатыр. Солар туралы қысқаша айта кетсеңіз? – Мен 1974-1982 жылдары Қарағанды те­лерадиокомитетінде Бас редактор болып қыз­мет істедім. Ол уақытта ТВ қызметінің бір саласы театр сияқты еді. Көрініске пай­даланатын кәдуілгі пулемет пен авто­ма­тымыз да болды. Шағын көріністер, скетч­тер қоятынбыз. Осындай ізденістер мені дра­матургияға алып келді. «Темірқазық» деп аталатын тұңғыш пьесам Сәкен Сей­фул­лин атындағы Қарағанды облыстық теат­рында қойылды. Бертініректе «Жұ­лын­құрт» пьесамды сахналады. Жалпы, төл пье­саларым және аудармаларым бар, Ал­ма­тыда Ғ.Мүсірепов атындағы, Тал­ды­қ­ор­ған­дағы Б.Римова атындағы, Астанада Қ.Қуа­нышбаев атындағы, сондай-ақ Ақтау, Ақтө­бе, Шымкент, Павлодар облыстық театрларында қойылды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай он шақты драмалық шығармалар ішінен таңдау менің «Алаштың Ахметі» деген пьесама түсіп, ол қазір Қостанай облыс­тық теат­рынан өз орнын тапты. Шым­кент теат­рында менің аудармам бойын­ша «Медея\Филоктет» спек­так­лі жүріп жа­тыр. Орал қала­сын­да өткен театр фес­тива­лін­де Медея рөлінде ойнаған Ба­­қытгүл Қо­жамұратова «Ең үздік әйел рөлі үшін» бәй­гесін жеңіп ал­ды. Менің қор­жы­нымда ұлт көсемі Әли­хан Бөкей­хан ту­ра­лы, АЛЖИР түрмесінің аза­бын көрген жазықсыз жан­дардың қияметті өмірлері жайында, атақты күй­ші­нің шы­ғар­машы­лық із­деніс жо­лын­дағы азапты күй­зелісін сурет­тейтін, басқа да өзек­ті ой­ларды қозғайтын шы­ғар­ма­ла­рым бар­шы­лық. Ал қазір мемлекет­тік бас­падан бол­сын, театрлардан болсын шы­ғар­ма өт­кізу атағыңа байланысты боп қалды. Сон­дықтан осындайда ебін тауып, кітабын шы­ғарып, драмасын қойғызып, атақ, сый­лық алудың жолын тапқыштарды әулие демеске лажың жоқ. – Өтен Ахмет дегенде драматург қа­­­на емес, мықты аудармашы да есі­міз­де тұ­ра­ды. Аударма саласында тын­дыр­­ға­ныңыз аз емес. Қазір қандай шы­­ғар­маларды аударып жүрсіз? Сіз ау­да­рып жүрген туындылардың қазақ оқыр­ман­дарына әсері қандай болуы мүмкін? – Аудармаларыма қатысты біршама ай­тып та тастадым-ау деймін. Жалғас­тыр­сам, әлемдік драматургияның жауһарлары «Медея», «Федра», «Филоктет», «Войцекті» ау­дар­дым. Халықаралық театр фести­валь­дарына қатысып, алды төрт ретке дейін Гран-при бәйгесін алған. Войцекті ойна­ған­нан кейін қанат бітіп ұшып кеткеннің бірі – Азамат Сатыбалды. Қазір қандай қыз­­метте отырғанын білесіздер. Әлемдік классикалық прозадан қазақ тіліне Нобель сыйлығының лауреаты Дж.Кутзеенің «Михаэланың өмір соқпақтары мен тағдыр тоқпақтары» және «Арсыз» деген екі романын, Рэй Бреэдбери, Стивен Кинг, Хулио Кортасар, Алистер Кроули, Джек Ричи, Джером Д. Сэленджер, Акутавага Рюноскэ, Ясунари Кавабатаның әңгімелерін аудардым. Менің аудармамда Луйза Мэй Олкоттың «Кішкентай ха­ным­дар» романы, Николай Лугиновтың «Шың­ғыс хан әмірімен» деген эпопеясы «Фо­лиант» баспасынан жарық көрді. Осы баспа үшін Грегори Дэвид Робертстің «Шантарам» ро­манын, Марио Пьюзоның атышулы «Өкіл әке» («Крестный отец») романын ау­да­рып бердім. Әлемдік оқырман қабыл­даған, сүйсініп оқитын, айтары мол рухани жәдігерлерді қазақ оқырмандары да жақсы қабылдар, жатсына қоймас деп ойлаймын. – Сексен беске аяқ бассаңыз да әлі күн­ге жиі жазатын белсенді жазушы еке­ніңізді әлеуметтік желіге жария­лан­ған жазбаларыңыздан көріп, біліп отыр­мыз. Бірақ бір таңғалғанымыз, сіз секілді өнімді еңбек еткен қалам­гер­дің мемлекеттік марапаты да, әдеби сый­лығы да жоқ екен. Оның себебі не? – Атақтарым неге жоқ? Әңгімеміз бары­сын­да оған біршама тоқталдым-ау деймін. Оған тағы бір себеп, мүмкін басты себеп – өзі­м­нің жаман мінезім. Жаратылысымда біреу­ге жағынайыншы деген көңілімде қыл­танақтай да ой ешқашан көктемейді. Біраз уақыт Қарағанды облысының бас­па­сөз саласында басшылық қызметте болдым. Комиссия, анау-мынауларының ішіндемін. Сол кезде де басыма осы артықшылығымды пайдаланайыншы, бірдеңе алып қалайын­шы деген ой келмепті. Мән бермеппін. 1992 жылы маған медалімен «Еңбек ардагері» де­ген атақ берді. Зейнетке шығарымда сон­дай марапатым барын айтуды ұмытып ке­­тіппін. Менің бұл қасиетімді қазақ қо­ғамында қалыптасқан түсінік бойынша, «кем пайда» біреу дейді. «Жыламаған балаға емшек қайда» дегендей, өзім қамданып, керек­ті адам іздеп кезінде қамданбаған бол­сам, кімге өкпелеймін. Оның үстіне, билік жағында «осы кісіні ұмытып жүрміз, обал болды» деп маған жаны ашитын адам ешуақытта болған емес. Мен Қызылорда облысының Қар­мақ­шы ауданында туғанмын. Ол жақтан 16 жасымда кеттім. Еңбек жолымды шах­тада кенші болып бастап, азамат ре­тінде Қарағанды облысында қалыптастым. Бар күш-қайратымды осы облысқа арна­дым. Қызылорда бізде еңбек еткен жоқсың десе, Қарағанды біздің жерімізде тумаған­сың десе, мен оларға не айта алғандаймын. Бұл – біздің өміріміз, шындығымыз... – Баспасөз саласында біраз жерде басшылық қызметтер атқардыңыз. Елімізге көрнекті қаламгерлердің та­лайы­мен бірге жұмыс істедіңіз. Бір сөз­бен айтқанда, өмірбаяны бай қа­лам­герсіз. Ал сіз секілді көрген-білгені көп жазушының өмір тәжірибесі, қа­ламгерлік тағдыры жұртты қызық­тырары сөзсіз. Мемуарлық кітап жазу ойыңызда жоқ па? – Құдай ғұмыр берсе, күш-қуат сарқы­лып қалмаса ойда әлі талай нәрсе бар. Бұйыр­­са, бәрі ретімен жазылып, жариялана жатар. – Әңгімеңізге рақмет! Ойға алған шығармаларыңыздың тезірек жазы­лып, халықтың кәдесіне жарауына тілек­тестігімді білдіремін.

Сұхбаттасқан Ахмет ӨМІРЗАҚ