Сақтаныңыз: ағзаға зиян 7 тағам

Сақтаныңыз: ағзаға зиян 7 тағам

Сақтаныңыз: ағзаға зиян 7 тағам
ашық дереккөзі
Жеп жатқан тамағыңыз бен ішіп жатқан сусыныңызға мән бересіз бе? Зерттеулер зиянды тағамдарды көрсетті. Тұтынып жүрген тағамыңыздың зияндысын біліңіз. Газды сусын  width= Бұл суреттегі мәлімет ешқандай қалжың емес. Сенбесеңіз, сусындардың қорабындағы жазудан көрсеңіз болады. Кез келген газды сусынның бір стаканында 20 г шекер (4 шай қасық), ал 0,5 бөтелкедегі сусында 50 г шекер болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамға бір күнде тұтынуға болатын шекердің мөлшерін бекітіп қойған. Ал газды сусындыкі өте көп. Сонымен қатар онда 200 калл бар. Ішкенге жеңіл, миды тынықтырады, ал оған денеңіздің алғыс айтпайтыны анық. Дүкендегі тәттілер  width= Нан-тоқаш өнімдеріндегі ең қымбат әрі құнарлы нәрсе – сарымай. Бұл тәттілерді дайындайтындар көбіне оның орнына маргарин секілді арзандау майларды қолданады. Ал оның құрамында адамға зиян қоспалар бар. Шұжық  width= Деректер сөйлесін: – ауру мүмкіндіктерін арттырады (мысалы, рактың); – құрамында ақуыз аз, алайда бояуыш, дәмдеуіштер көп; – құрамында ақуызы 2 есе көп еттен қымбат тұрады; – етке қарағанда, калорияға бай. Чипсы  width= Картоп – пайдалы нутриенттерден тұратын көкөніс. Қайнатылған картоптың 100 грамында – 86 калл, чипсының құрамында – 500 калл болады. Сонымен қатар чипсы болған картоптың құрамында пайдалы азық қалмайды. Конфеттер мен торттар  width= Бұларда да калория көп болады. Мысалы, күніне ащы шоколадтың белгілі бір бөлігін ғана жеуге болады. Алайда бір сәтте 200-300 г тәттіні тұтыну денсаулыққа зиян. Майонез  width= Майонездің 80%-ы өсімдік майынан тұрады. Ол – калорияға ең бай өнім. Оның 100 грамында 899 калл болады. Мәселе - май мен майонезде емес, оны қанша тұтынғаныңызда. Мөлшер бойынша қабылдайтын болса, майонездің арықтауға пайдасы да бар. Алайда көп қолданған жағдайда зияны тиіп кетуі мүмкін. Негізінде оны калориясы аз қаймаққа немесе грек йогуртына алмастырған жөн. Алкоголь  width= Бұл өнімнің де тұтынған мөлшеріне қарау керек. Денсаулық сақтау ұйымы күніне әйел адамдар үшін 1 дринк (дринк дегеніміз – 40 градустағы 40 мл сусынның эквиваленті), ал ер адамдарға 2 дринк мөлшер бекітіп қойған. Алайда алкогольдің кішкене болсын мөлшерінің адамға зиянын тигізбей қоймайтыны белгілі.